«Тіл – қазына, Ахмет – ұлт ұстазы» сайысы
Бүгін яғни 12.09.2025ж мектебімізде 8-сынып оқушыларының қатысуымен Тілдер күніне арналған ерекше сайыс өтті.
Шара барысында оқушылар:
Топтарын таныстырып, ұрандарын айтты;
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап берді;
“Ана тілін жоғалтқан халықтың болашағы қандай?» тақырыбында ой бөлісті;
Мақал-мәтелдер жарысына қатысты;
“Менің тілім – менің болашағым» тақырыбында постер жасап қорғады;
Өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, шағын көрініс көрсетті.
Іс-шара арқылы оқушылар ана тіліміздің қадір-қасиетін ұлықтап, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін еске алды.
“Өз тіліңді құрметтеу – өзіңді құрметтеу» деген Ахмет атамыздың сөзімен сайысымыз қорытындыланды.
Қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!