10.09.2025 ж. Қазақстан Республикасы Тілдері апталығы аясында 10-сынып оқушылары арасында «Тілдер патшалығы» атты интеллектуалды ойын-викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасына құрметпен қарауды үйрету, толеранттылыққа тәрбиелеу, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Үш сыныптың арасында өткен ойын тартысты, қызықты әрі танымды болды. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері жөніндегі білімдерін көрсетті.
Барлық сыныптар жақсы дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде – жеңіске Достық жетті! 🎉👏