Бүгін: 21.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     Мектеп кітапханасында 09.09.2025 ж  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған әдеби сағат өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Қазақстанда 140-тан астам этнос өкілдері тұратындығын, әрқайсысының өз ана тілі бар екенін, әрбір халықтың өз ана тілінде сөйлеуге құқығы бар екенін, ешкімді тілдік белгісі бойынша шектеуге болмайтынын атап өтті. Іс-шара барысында оқушыларға мерекенің тарихы таныстырылды.  6 «М» сынып оқушылары әдеби сағат тақырыбы бойынша өз білімдерін көрсетті. Олар Қазақстан халқы тілдері күнін Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай атап өтетінін өздері айтып, ағартушының өмірінен деректерді еске алды және сұрақтар қойды. Одан кейін балаларға іс-шара тақырыбы бойынша викториналарға қатысу ұсынылды.

    

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы