Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

"Балдырған" мектепалды лагерінің үшінші күні салтанатты жиыннан және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Мектеп директоры Айман Жұмағалиқызы Дюсенова  ҚР рәміздер күніменқұттықтады. Ол өз сөзінде елдің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын атап өтті.

Содан кейін әр топта " Сіз мемлекеттік рәміздерді білесіз бе?"тақырыбында сынып сағаттары болып,  "Менің Отаным — Қазақстан" тақырыбында асфальтта сурет салу өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылып, "Жұлдыздар жарқырайды" атты өнерпаздар сайысы өтті. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетті,  байқау қорытындысы бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, осы күні мектепте "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" деректі фильмін көру ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға 160-тан астам оқушы мен педагог қатысты.

  

  

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы