Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін «КітапLaiк» лагерінің оқушылары ерекше күнді табиғат аясында өткізді. Таза ауада серуендеп, табиғаттың сұлулығынан шабыт алған балалар ашық аспан астында кітап оқыды. Үйден әкелген сүйікті кітабының атауын жасырып, оны сипаттап берді. Оқушылар жасырынған кітаптың атауы мен авторын тапты.
Оқу барысында оқушылар кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекетіне талдау жасап, өз қиялымен сол кейіпкерлердің бейнесін суретке түсірді. Шығармашылық жұмыстар балалардың ой-қиялын дамытып, көркемдік қабілеттерін танытты.
Бұл күн балалар үшін тек демалыс емес, кітап пен табиғатты тоғыстырған – шабыт пен танымға толы болды.

  

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы