2025 жылдың 2 маусымында "Балдырған" жазғы мектеп жанындағы лагерінің көптен күткен ашылуы өтті! 🌞 🎉Балалардың жалпы саны - 180. Лагердің ашылу салтанатында мектеп директоры Айман Жұмағалиқызы Дүйсенова балаларға жарқын, белсенді және есте қаларлық жаз тіледі. 💬🎈
Таңертеңнен бастап балалар керемет көңіл-күйде келді. Лагерьдің ашылуы қарқынды және жарқын өтті — Біздің жас әртістер өз таланттарын көрсетті: "Дос болу керек" әнін Ерназарова Айымгүл Ғалымжанқызының жетекшілігімен квинтет тобы орындады. Димаш Құдайбергеннің "Ақ бозат мінген тұлпарым" композициясына арналған би барлық көрермендерді таң қалдырды, жетекшісі-Утебалиева Сандугаш Мусаевна. "Қазақ Осы" әнін шын жүректен Түсіпова Айзере орындады, жетекшісі — Есмағамбетов Жасұлан Бауыржанұлы. Концерттен кейін балалар асфальтта " Сәлеметсіз бе, жаз!» 🎨🌈 тақырыбында суреттер салды.
☀ Лагерьдің бірінші күні көптеген жағымды эмоциялар, көңілді және жарқын әсерлер сыйлады! Балалар үйге күлімсіреп, көтеріңкі көңіл-күймен кетті.