Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

9 мамыр күніне орай № 72 МЛ-де Жеңістің 80 жылдығына арналған «Солдат шинеліндегі ән» атты әдеби-музықалық кеш өтті. Кешті мектеп кітапханашылары мен музыка мұғалімдерінің көмегімен 9 - сынып оқушыларына ұйымдастырылды.
«Соғыста ән тастау керек
деп кім айтты.
Соғыстан кейін жүрек
Музыканы екі есе сұрайды!...» (В. Лебедев-Кумач)
Соғыстың алғашқы күнінен бастап жеңіс салютіне дейін ән әрдайым жауынгердің қасында болды. Қатысушыларға соғыс жылдарындағы патриоттық және лирикалық әндердің маңызы, «Қасиетті соғыс», «Тырналар», «Фронт маңындағы орманда»,«Қараңғы түн», «Землянка» және басқа да танымал әндердің жасалу тарихы туралы айтылды. Көрермендер ҰВП мұғалімі Солтанов К.М. «В лесу прифронтовым», музыка мұғалімі Ерназарова А.Г. «Смуглянка», 11 сынып оқушысы Мариям «Тырналар», 10 сынып оқушысы Даниял Шарсейітовтың «10 батальон» әндерін гитараның сүйемелдеуімен жылы қабылдады «Алёша» әнін 9 Д сынып оқушысы Айжан Тілеуова, «Катюша» әнін 6 IT сынып вокалдық тобының орындауында. Кеш барлық қатысушылардың «Женіс күні» әнін орындауымен аяқталды.

   

   

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы