Оқу жылының соңында алғашқы әскери дайындықтың қорытындысы тәрізді 10 сыныптардың ұлдарымен дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын 5 күндік оқу-далалық жиындарына биыл № 72 – мектеп-лицейден 105 ұл қатысуда. Жиындар шеңберінде ұлдар атыс дағдыларын дамытып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпыәскери жарғылары талаптарымен, ұрыс тактикасымен тереңірек танысып, саптық шеберліктерін шыңдап қана қоймай өздерінің дене дайындықтарын көрсетуде.
Өздерінің айтулары бойынша – "оқу-дала жиындары ер балаларды шыңдай түседі".