Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғанысын жетілдіру бойынша 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, №72 мектеп-лицейінде азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, қызметкерлердің техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылға дайындығын тексеру, ауыспалы және тұрақты құрамның азаматтық дайындығын жетілдіру, қауіпті жағдай туындағанда өздерінің және өзгелердің өмірлерін сақтауға дайындау, басшылық құрамның қызметкерлерді басқарудағы ұйымшылдығы мен жоғары реттілікке қол жеткізуі мақсатында мектеп-лицейдің азаматтық қорғаныс штабы 2025 жылдың 22сәуірінде аудандық «Төтенше жағдай туындағанда атқарылатын іс-қимылдар. Өрт қаупі пайда болған кезде оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз аумаққа эвакуациялау» тақырыбы бойынша нысандық жаттығу өткізді.

Нысандық жаттығу алдын ала бекітілген дайындық жоспарына сәйкес ұйымшылдықпен өтті.

Шара барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталынып ауыспалы және тұрақты құрам 4 минут 50 секундта мектеп-лицей ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды.

  

   

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы