Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024–2025 оқу жылының көктемгі кезеңінде мектебімізде «ЭКОСАНА» экологиялық жобасы шеңберінде бірқатар маңызы зор экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға деген саналы көзқарас тәрбиелеу.

Өткізілген шаралар:

1. «Пластикалық бумеранг» акциясы
02– сәуірден бастап өткен бұл акция барысында оқушылар мен мұғалімдер бірігіп, қолданылған пластикалық бөтелкелерді жинады. Әр сынып өз ішінде жинау және есеп жүргізу жұмыстарын ұйымдастырып, пластиктер ЭКО-ПОЙНТ-қа жеткізілді. Акцияға барлық сыныптар белсенді қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлесін қосты.


2. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
Мектеп ұжымы мен оқушылар көктемгі сенбіліктерге белсене қатысып, мектеп аумағын тазалау, ағаштар мен гүлдер отырғызу жұмыстарын жүргізді. Бұл шара арқылы тазалық пен ұқыптылыққа баулуға басымдық берілді.


3. Макулатура жинау апталығы
Қағаз қалдықтарын бөлек жинап, қайта өңдеуге тапсыру мақсатында арнайы макулатура апталығы ұйымдастырылды. Оқушылар қолданылған дәптерлер, газет-журналдар мен қағаз қораптарды жинап, сұрыптап өткізді.


4. Экосана жобасы аясындағы тәрбие сағаттары мен шеберлік сабақтар
Оқушыларға арнап экологиялық тақырыптағы сынып сағаттары, ақпараттық баяндамалар, сурет және шығармалар байқаулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын шеберлік сабақтар өткізілді.

 

Аталған іс-шаралар мектеп оқушыларының табиғатты аялауға деген қызығушылығын арттырып, күнделікті өмірде экологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталды.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы