Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 17 сәуірінде №72 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушыларына арналған прокурорлық сағат өтті. Оқушылармен профилактикалық сағатты «Сарайшық» ауданының прокуратурасы өкілі Жигули Д.М., ювеналды полиция инспекторы Алходжаева А.А. және төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Құмаров А.Ә. өткізді. Іс-шара барысында қонақтар оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жазғы демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары судағы қауіпсіздік, үйдегі терезелерді ашық қалдырмауға қатысты балалармен ашық схбат жүргізді.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы