Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 17 сәуірінде №72 мектеп-лицейінде 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен мектеп директоры Дюсенова А.Ж., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Копбаева Ж.О. және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер Конакбаева Г.Г.-мен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мектеп директоры оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде әңгіме жүргізді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар мен құқықбұзушылықтың алдын алу менеджері жанжалдық жағдайлардың салдары, Қылмыстық және Әкімшілік кодекс заңдарын түсіндіру, "Бұзақылық және оның салдары", "Ұсақ бұзақылық", "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру және оның салдары" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы