Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласындағы Білім беру институты Ғылым күніне орай 2025 жылғы 12 сәуірде «Білім беру жүйесіндегі жас зерттеуші: сыни көзқарас, жобалық шешімдер» тақырыбында I-ші студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын №72 мектеп-лицей білім беру мекемесінің базасында өткізілді.
Бірінші студенттік ғылыми конференция қатысушыларына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми жұмыстар бойынша вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы құттықтау сөзін жолдады. Білім беру институтының гуманитарлық-жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Омаров Саят Құсайынұлы, елордалық №72 мектеп-лицейінің директоры Дүйсенова Айман Жұмағалиқызы сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсаринатындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері К.Н. Булатбаеваның төрағалығымен өтті. Онда бірінші курс студенттерінің 8 баяндамасы тыңдалды.
Конференцияда келесі 5 секция жұмыс істеді: «Білім беруді цифрландыру және инновациялық құралдар», «Білім беру үдерісін ұйымдастырудың психологиялық аспектілері», «Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері», «Мектепте білім берудің әлеуметтік мәселелері: тұлғаны әлеуметтендіру», «EduText: ағылшын тілінде педагогикалық мәселелерді талқылау». Секциялар жұмысы барысында 123 студенттің 80-ге жуық баяндамалары тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Конференция жұмысына мектеп педагогтері сарапшы ретінде тартылды.
Конференция қорытындысында 38 үздік баяндамашы I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталды.