Құттықтаймыз!
Мектебіміздің оқушысы Татура Татьяна Астана қаласындағы мектептер арасында өткен ЮИД байқауында «Үздік жас санитар» номинациясы бойынша жеңіске жетті!
Сондай-ақ, 7 оқушыдан құралған ЮИД командасы қалалық кезеңде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жол жүру ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету және командалық жұмыс бойынша білімдерін сәтті дәлелдеді.
Жас жол сақшыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!