Бүгін: 03.05.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2 сәуірде № 72 мектеп кітапханасында 4 Н сынып оқушыларымен Халықаралық балалар кітабы күніне арналған ертеңгілік өтті. Кітапханашылар балаларды мерекемен құттықтап, мерекенің пайда болу тарихымен таныстырды. Слайдтардың көмегімен ежелгі заманда кітаптардың қалай шығарылғаны, папирус, пальма жапырақтары, саздан жасалған тақтайшалар туралы айтылды.  Алғашқы баспа станоктары туралы айтып берді. Оқушыларға белгілі балалар жазушыларының суреттері көрсетіліп, балалар олардың шығармаларын атады. Оқушылар ертегілер бойынша әдеби викторинаға белсене қатысты. Сондай-ақ, оларға «Мақал қосу» байқауы ұсынылды, онда шашыраңқы сөздерден дұрыс мақал  құрастыру керек. Шара соңында балалар өздерінің сүйікті шығармаларын айтып, басты кейіпкерлерін сипаттады. Балалардың әңгімелерінен олардың көпшілігі классиканы емес, қазіргі заманғы жазушылардың шығармаларын оқиды деген қорытынды шығаруға болады. Кітапханашылар балаларды кітап оқуға, қызығушылық танытуға шақырды.

 

 

   

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы