Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Экосана» жобасы аясында, «Таза Қазақстан» жоспарына сәйкес, биология пәнінің мұғалімі Вахитова А.Ф. «Гүлдердің жұмбақ әлемі» атты экологиялық бағыттағы сабақтан тыс практикалық жұмыс жүргізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың өсімдіктерге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға баулу және оқу ортасын көгалдандыру.

Іс-шара барысында оқушылармен бірге биология кабинетіне бөлме гүлі отырғызылды. Мұғалім гүлдің шығу тегі, биологиялық ерекшеліктері, күтім ережелері туралы мәлімет беріп, оқушыларға тәжірибе жүзінде көрсетіп, гүлді бірге отырғызды. Сонымен қатар, гүлге күтім жасау жауапкершілігі оқушыларға жүктеліп, кезекшілік кестесі құрылды.
Шара оқушылардың табиғатқа деген қамқорлық қасиетін дамытып, экологиялық мәдениеттің маңызын ұғындырды.
Шара сәтті өтіп, биология кабинеті жасыл желекпен толықты. Бір ғана гүл отырғызылса да, оның тәрбиелік, танымдық және экологиялық маңызы зор болды. Бұл жұмыс «Экосана» жобасы аясындағы «Таза Қазақстан» жоспарына сәйкес жүзеге асырылды және алдағы уақытта жалғасын табуы жоспарлануда.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы