2025 жылдың 3 сәуір күні 8-11 сыныптар арасында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, мектеп ішіндегі тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар сынып бөлмелерін, терезе алдарын, парталар мен еденді тазалап, қоқысты жинап, сынып ішін ретке келтірді. Сонымен қатар, сыныпқа тиесілі дәліз бөлігі де тазаланды. Барлық оқушылар белсенді қатысып, тазалыққа деген жауапкершілік көрсетті. Іс-шара тәртіпті әрі ұйымшыл түрде өтті.