Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     2025 жылғы  5 сәуір күні 72 мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мектеп аумағын тазарту, оқушылар мен қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болды. Сенбілікке мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, техникалық қызметкерлер қатысты. Жалпы қатысушылар саны- 70адам. Мектеп ауласы мен жақын маңдағы аумақ тазартылды. Қоқыс жиналып, арнайы жәшіктерге сұрыпталып тасталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, экологиялық тәрбие беру бағытында маңызды рөл атқарды. Қатысушылар белсенділік танытып, тазалықты сақтаудың маңызын сезінді.Сенбілік барысында аумақ толықтай тазартылды. Оқушылар табиғатқа деген жауапкершілікті іс жүзінде көрсетті. «Таза Қазақстан» акциясы мектеп өміріндегі маңызды экологиялық іс-шаралардың біріне айналды.

 

    

   

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы