02.04.2025 жылы 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында № 72 мектеп-лицейінде Астана қаласы Алматы ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Меруерт Қамбарқызы Оразбаева, Астана қаласы, Алматы ауданы ПБ жедел уәкілі Қайсарұлы Қамбар және Астана қаласы, Алматы ауданы ПБ учаскелік инспекторы Азамат Төребай "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық, әкімшілік жауапкершілігі", "Қорқытып ақша алу", "Бопсалау және оның салдары", "Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы" тақырыбында профилактикалық жұмыс өткізді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар статистикасы бойынша да айтып өтті.