Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 27 наурызында Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №72 мектеп-лицейінде «Мектептегі инклюзивті білім беру: теория мен тәжірибе» атты қалалық семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін дамыту, сондай-ақ тиімді қолдау тәжірибесімен және оқыту мен оқушыны дамытудың жеке әдістерімен таныстыру.

Семинардың пленарлық бөлімінде мектепте инклюзивті білім беруді енгізу, инклюзивті білім беруді дамытудың шетелдік тәжірибесі туралы баяндамалар тыңдалды. Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және ауытқуларды түзету бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті, тәжірибе алмасты, жалпы білім беру сабақтарында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жеке тәсілді енгізу, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану сияқты мәселелер айтылды.

    

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы