19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІ. Наурызнама онкүндігі аясында "Жаңару" күнінде мектеп оқушылары экологиялық сабақтар, квесттер, суреттер көрмесі, эксперименттік алаңдар мен Жер сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, ауа райының жылынуына қарай "Ағаш отырғызу" акциялары да іске асатын болады.
Ағаш егу – игі іс. Қоршаған ортаны лас ауадан сақтап, қыста қорғаның, жазда көлеңкең болатын, тал шыбықтан бәйтерекке айналатын ағаш – табиғаттың асылы. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелері сөзсіз.