Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

17.03.2025ж мектебімізде "Қош келдің, Әз-Наурыз!"  атты мерекелік концерт өтті. "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, халқымыздың бай мәдениетін көрерменге жеткізуді мақсат етеді. Концерт барысында көрермендерге Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы әсерлі көріністер, Қыдыр атаның ақ батасы, көктемнің жаршысы – Көктем аруының игі тілектері ұсынылады. Бағдарламада ұлттық әндер мен күйлер, дәстүрлі билер, жарапазан сынды халық өнерінің жауһарлары орындалады. Сонымен қатар, халық әндері мен заманауи ұлттық өнер үйлесім тауып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Концерттің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа халқымыздың салт-дәстүрін таныстыру, рухани құндылықтарды насихаттау және ұлттық өнерді дәріптеу. Бұл кеш – қазақ мәдениетінің мерекесі, ұлыстың ұлы күнін ұлықтаудың тамаша үлгісі!

  

   

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы