14 наурыз - Көрісу күні!
🔹Көрісу күні - Амал мерекесі🔹
☘️КӨРІСУ күні - қазақ халқының дәстүрінде жаңару мен жаңа бастамаларды білдіреді. Көрісу күні жасы үлкен адамдармен көрісіп, бір-біріне денсаулық, бақыт, қуаныш тілеп, аман -саулық сұрасып, қуанышпен бөлісетін күн.
АМАЛ мерекесі - қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Амал күні - көктемнің басталуын, жаңа жыл мен табиғаттың жаңаруын білдіретін күн. Бұл мереке адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, бір -бірімен кездесіп, аман - саулық сұрасып, тілектерін айту дәстүрі болып табылады.
Осы орайда №72 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН құттықтайды.