Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылғы 3 наурыз күні 72 мектеп-лицейінің мәжіліс залында пәндік олимпиадалар мен шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары мен спорт саласы жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шара – оқушылардың білім, өнер және спорт саласындағы жетістіктерін мойындау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны жүргізушілер қазақ және орыс тілдерінде ашып, қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Оқушылардың табыстары туралы статистикалық мәліметтер ұсынылып, олардың қажырлы еңбегі мен таланты ерекше аталып өтті.

Рәсімнің ресми бөлімінде №72 мектеп-лицейінің директоры Дюсенова Айман Жұмағалиевна мен директордың ғылыми жөніндегі орынбасары Жакупова Татьяна Шариповна сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталып, олар естелік суретке түсті.

Мерекелік бағдарлама аясында мектептің «Назерке» би ансамблі өз өнерін көрсетіп, оқушылар ән айтып, күмбірлеген күй орындады. Кеш соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жаңа белестерді бағындыруға деген ынта-жігерін білдірді.

Бұл іс-шара мектебіміздің дарынды оқушыларын қолдап, олардың болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

  

 

    

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы