Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

25 ақпан 2025 жылы 72 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен дәстүрлі «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өтті. Бұл ерекше шара ұстаз бен оқушының өнердегі тамаша үндестігін көрсететін сайыс ретінде ұйымдастырылды.

Акт залында өткен кештің ашылуында сахна ерекше безендіріліп, жұмбақ әуен ойнады. Жарық сөндіріліп, тек жүргізушілердің қолындағы шамдар жанып, көрермендерге әсерлі көңіл-күй сыйлады. Жүргізушілер қазақ және орыс тілдерінде кештің шымылдығын түріп, қатысушыларды таныстырды.

Байқау барысында ұстаздар мен оқушылар дуэт болып, түрлі жанрдағы өнерлерін ортаға салды. Ән мен бидің үйлесімі, сахналық қойылымдар, ұлттық және заманауи шығармалар көрермендердің зор ықыласына ие болды. Әр қойылым қазақ мәдениетінің байлығын, өнердің шексіз мүмкіндіктерін айшықтай түсті.

Қатысқан жұптар:
✅ Советбекова Айнаш Толғанқызы & Болатова Мадина – «Балбырауын» күйі
✅ Қайратова Аяулым Қайратқызы & Раимбекова Аружан Бақытбекова – «Ақпақ гүлдер» әні
✅ Жеңісова Балым Қуанышқызы & Талғатбек Жангүл – «Қазақ биі»
✅ Ерланова Ұлдана Ерланқызы & Қосаева Көркем – «Бағым сен» әні
✅ Камила Арыстанбекова & Елеш Эмилия – «Шаг вперед» биі
✅ Шайхина Жазира Габдуллаевна & Дастанқызы Альнаран – «Ерке сылқым» биі
✅ Мамекова Альмира Сағатовна & Жаксылыбаева Дарья Маликова Сара – театрлық қойылым
✅ Мәжитова Сандуғаш Дүйсембаева & Кошкарбаева Инкар – көркемсурет туындысы
✅ Зейдиллаева Амина Ермағанбетова & Қайрат Амина – «Сенің көзің» өлеңін домбыра сүйемелдеуімен оқу
✅ Саметеева Жұлдыз Ықыласқызы & Мұрат Қуаныш – «Құстар қайтып барады» әні
✅ Бейсенұлы Нұрасыл – музыкалық аспапта жеке өнер көрсету

Кеш соңында әділқазылар алқасы үздік өнер көрсеткен «Бас жүлдені» жеңіп алған Ерланова Ұлдана Ерланқызы & Қосаева Көркемді және 1,2,3
орындарды иеленген, номинация бойынша жұптарды марапаттап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Байқау жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт сыйлап, мектеп-лицейдің рухани өміріндегі жарқын сәттердің бірі болды.

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы