Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылғы 5 наурызда 72-мектеп-лицейінде 6-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара сағат 12:00-14:00 аралығында өтті және мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, аналарға деген құрметін білдірді.
Концерт мектеп директоры Дюсенова Айман Жумагалиевнаның құттықтау сөзімен басталып, әр сыныптың дайындаған өнер көрсетулерімен жалғасты. Оқушылар хор, күй орындау, би, көрініс, флешмоб сияқты түрлі жанрларда өнер көрсетті. Сондай-ақ, ата-аналарға арнап әсерлі арнау сөздер айтылды.
Шара барысында:
6 "Б" сыныбының хоры
6-сынып оқушыларының күй орындауы,
6 "В" сыныбының аналарға арналған арнауы,
6 "Ә" сыныбының "Құдаша" биі,
6 "А" сыныбының "Соқыр Ана" көрінісі,
6 "Ф" сыныбының флешмобы,
6 "Г" сыныбының хоры сынды нөмірлер орындалды.
Концерт оқушылардың аналарына арнап сыйлықтар тарту етуімен аяқталды. Іс-шараның жүргізушілері ретінде Актөре (6ІТ) және Аяна (6В) өнер көрсетті.
Бұл концерт оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, аналарға деген ерекше құрметін көрсеткен әсерлі кеш болды.

  

   

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы