№72 мектеп-лицейдің Өзін-өзі басқару ұйымы барлық мамандық иелерін Алғыс айту күнімен құттықтайды. Еңбектеріне табыс, мықты денсаулық тілейді!
Бұл күн – жақсылық пен ризашылықтың, бірлік пен сыйластықтың мерекесі. Еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әрбір жанға алғысымыз шексіз. Дәрігерлерге – жанқиярлық еңбегі үшін, ұстаздарға – білім мен тәрбие бергені үшін, құрылысшыларға – берік үйлер мен жолдар салғаны үшін, өнер адамдарына – рухани азық сыйлағаны үшін, ал барлық мамандық иелеріне – ерен еңбегі мен жанқиярлық қызметі үшін зор алғыс!
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби табыс және отбасыңызға амандық тілеймін! Әр күніңіз алғысқа, қуанышқа, жетістіктерге толы болсын!