24.02.2025 жылы жасөспірімдер ортасында нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу мақсатында №72 мектеп-лицейінде Астана қаласы ПД УПН аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Л. Г. Рахимова, ювеналды полицияның учаскелік инспекторы полиция капитаны А. А. Алходжаевамен бірлесіп "Есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың салдары", "Жаман әдеттерден бас тарту кепілі" тақырыбында дәрістер өткізді. "Бақытты өмір", "Есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік" тақырыбында дәрістер 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Сонымен қатар, ол туралы бейнероликтер көрсетілді.