Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     12.12.2024 ж. Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту, жастарға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, ұлттық патриотизм мен елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында өтті. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына құрмет көрсету. Мектеп директоры Дюсенова АЖ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы сөз бастап, ұлт тарихындағы осы ерекше күннің маңыздылығын атап өтті. Оқушыларға Тәуелсіздікке қол жеткізудің жолдары, оның еліміз үшін мән-маңызы туралы қысқаша ақпарат берді. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздікке арналған тақпақтар, өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Әсіресе, оқушылар қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп, халық әндерін орындап, көркемсөз шеберлігін көрсетті. Оқушылардың өздері дайындаған сахналық көріністер мен би нөмірлері де үлкен ықыласпен қабылданды. Олардың арасында Тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың күресі мен ел тарихын бейнелейтін қойылымдар болды.

   

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы