Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     19.12.2024ж 9,10,11 сынып ұлдары мен олардың ата-аналары арасында "Өркен" институтының жаттықтырушысы Зайсанбаева Гүлнар Нығметқызының қолдауымен "Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел және тренинг форматында ата-аналар жиналысы өтті.Іс-шараның мақсаты: ұл балалардың тәрбиесінде әкелердің рөлін арттыру, ұлттық құндылықтар мен тәрбие беру мәселелерін талқылау. Әкелер мен ұлдар арасындағы байланысты нығайту, отбасындағы тәрбие жүйесін жақсарту және ұл тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру болды. Іс-шара барысында әкелер мен ұлдар арасында «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Пікірталасқа қатысушылар ұл тәрбиесіне қатысты өз ойларымен бөлісіп, қазіргі замандағы тәрбиелеу әдістері мен отбасылық тәрбие жүйесінің маңыздылығын талқылады. Әкелер ұлдарына деген тәрбие құндылықтары, ұлттық рухты нығайту мен әлеуметтік жауапкершілік туралы сөз қозғады.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы