20.12.2024 ж. Ата-аналарға ашық есік күні аясында 6 сыныптар арасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ата-аналар мен балалар арасындағы кітаптар әлемі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ата-аналар мен балалар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітаптың білім мен тәрбие көзін ретіндегі маңыздылығын көрсету, оқушылардың мәдениеті мен дүниетанымын кеңейту үшін ата-аналармен бірлесе отырып кітап оқудың пайдалы жағын түсіндіру. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.О.Копбаева алғы сөзді бастап өзекті тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балаларды кітап оқуға қызықтыру, оқудың маңыздылығын түсіндіру екенін айта келе, барлығын іс-шараға белсене қатысуға шақырды. Іс-шара басталмас бұрын мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде балаларға арналған түрлі әдеби шығармалар, ертегілер, тарихи кітаптар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Оқушылар мен ата-аналар кітаптармен танысып, өздері үшін қызықты оқулықтар таңдады. Оқушылар мен ата-аналар арасында кітап оқудың пайдалы жақтары мен баланың дамуындағы рөлі туралы пікірталас өтті. Әрбір қатысушы кітаптың адамның жан дүниесін байытатыны, ой-өрісті кеңейтетіні туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар бірігіп квест ойыныны өткізді. Қатысушыларға белгілі бір кітаптың мазмұны туралы сұрақтар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Бұл конкурс балалар мен ата-аналарды кітап оқуға қызықтырып, ортақ пікір алмасуға мүмкіндік берді.