Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     10.12.2024 жылы 9 сынып оқушылары арасында Т. Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Алаш көсемдерінің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, Алаш қозғалысының тарихын түсіндіру, жастарға Тұрар Рысқұловтың ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресін үлгі ете отырып, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсаты көзделді. Кіріспе сөзді тарих пәні мұғалімі Кайрбекова М.К. бастап, Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша мәлімет беріп, оның Қазақстан тарихындағы ерекше орнын атап өтті. Шара барысында оқушылар Тұрар Рысқұловтың Алаш қозғалысындағы орны, оның саяси көзқарастары мен идеологиясы туралы маңызды деректермен танысты. 9 сынып оқушылары арасында «Тұрар Рысқұловтың қазақ халқы үшін тарихи рөлі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, Тұрар Рысқұловтың қызметін әртүрлі қырынан талқылап, өз көзқарастарын ашық білдірді. Бұл бөлім оқушылардың тарихи ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шараның соңында мектеп директоры Дюсенова А.Ж. Тұрар Рысқұловтың ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен ержүрек тұлға екенін атап өтіп, оқушыларды оның өмірі мен мұрасына тереңірек үңілуге шақырды. Жастарға өз елінің тарихын білу, ұлы тұлғалардың өнегесін үлгі тұту қажеттігі туралы сөз сөйледі.

      

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы