30.11.2024 күні Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық және #72 мектеп-лицейі ұжымының ұйымдастыруымен "Қ.Бітібаеваның әдістемесі және қазақ әдебиетін құндылық бағдарлы оқыту мәселелері" тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
"Ұстаздық - ұлы есім. Әл-Фараби байлықтан бас тартқан , Ұлықбек хандықтан бас тартқан ұстаздыққа жүрегім соққанша қызмет етемін" деген ұстаныммен барлық саналы ғұмырын оқыту ісіне арнаған Қанипа Омарғалиқызының оқыту әдістемесінің білім сапасын арттырудағы рөлі жан-жақты талданды. Семинарға Қанипа апайдың бауырлары, досы әрі әріптесі Күліш апай, басқа да ұстаздар қауымына жақсы таныс лауазымды тұлғалар қатысты. Семинардың басты мақсаты: мұғалімдер бойында зерттеу мәдениетін қалыптастыру болды. Қанипа Бітібаева тәсілдерін, тапсырмаларын сабағымызда қолдануды жүйелі жүзеге асырудың өзі Action Research мәдениетін меңгердім дегенді білдіреді деп сенімді түрде айтуға болады. Өйткені Бітібаева еңбектері жүйелі сабақтар тізбегінен тұрады. Сол арқылы әрқайсысымыз Қанипа Бітібаеваны әлемдік аренаға шығаруға үлес қосарымыз хақ.
Кәсіби дамуға уақыт арнауға мойнымыз жар бермейтіні рас, бірақ осылай тәжірибе алмасу - шеберлікті шыңдаудың жолы