28.11.2024ж Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен "Әкесіз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз" тақырыбында танымдық сабақ, квест ойыны өткізілді. Іс шара барысында мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлер, бата беру, салауатты өмір салтын ұстану, жақсы қарым-қатынас жасау, адал, жауапкершіл болу құндылықтары бойынша тапсырмалар орындалды. Ата-аналар мен оқушылар бірлесе жұмыс атқарды.