Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

    11.10.2024ж  "Төрт тоқсанда – төрт өнер" жобасы аясында  мектебімізде "Айтыс – жыр барымтасы" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты: "Төрт тоқсанда – төрт өнер" жобасының аясында қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық өнерін насихаттау, айтыс өнерінің мәні мен маңызын түсіндіру, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.Сабақ басында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темиржанова М.А. айтыс өнерінің қазақ халқының рухани мәдениетінде алатын орны туралы қысқаша ақпарат берді. Айтыстың – халықтың ой-өрісі мен шеберлігін көрсететін, өнер мен сөздің шын мәніндегі «қазынасы» екенін атап өтті. Айтыс өнерінің тарихына шолу жасалды.  Негізгі бөлімде оқушылар суырып салма қасиеттерін қосып «Қыз бен жігіт» айтысын өткізді. Қорытынды бөлімде айтыс өнерінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы мен оның жаңғыртылуы туралы пікірталас өтті. Оқушылар айтыс арқылы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін қалай сақтап қалғанын, айтыстың қазіргі қазақ әдебиетіндегі орны туралы ой бөлісті.

     

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы