19.11.2024ж 11 «Ғ» сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Тақырыбы: «16 қараша халықаралық толеранттылық күні». Сабақты ұйымдастыру кезеңінің алғашқы бөлігінде ынтымақтастықты орнату тренингі жүргізіліп, бір-біріне құрмет көрсету, жақсы жылы сөздер айтумен басталды. Тақырыпты ашуға байланысты ашық сұхбат алаңы орнатылды. Рөлдік ойындар ойнатылып, топтық презентация жұмыстары жүргізілді. Сынып атмосферасы өте жақсы қалыпты деңгейде өтті. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жақсы орнаған, сабаққа деген оқушылардың қызушылығы көрініп тұрды. Мектеп формасы талаптарын орындау орташа деңгейде. Сынып жетекшіге ескерту, ұсыныс берілді.