06.09.2024ж мектебімізде Отбасы күніне орай "Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі" тақырыбында 5 сынып ата-аналарына мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп психологтары Каримбаева Б.Ш. және Имамбаева Н.Ж. ата-аналармен тренинг жүргізіп, тәрбие бөлімі міндетті мектеп формасының талаптарымен таныстырып өтті, одан әрі № 6 қалалық емхананың мектеп медицинасы бөлімінің меңгерушісі А.Н. Әбілқасова, қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар, ата-аналарға мектептің КiVa тобының мүшелері халықаралық буллинге қарсы жобамен таныстырып, жаттығу сабақтарының үлгісін көрсетті. Ата-аналар көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті