5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне мектебімізде ана тіліміздің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, елжандылық сезімін оятып, тілін, Отанын сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында "Тілге құрмет-елге құрмет" атты дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегетаева Р.А. ұйымдастыруымен 11сынып оқушылары арасында өздерінің ана тіліне деген құрметі, қастерлі тілін сүюде болашақта қандай дәрежеде үлестерін қосатыны жайында пікірлерін, мақсаттарын асыру жолындағы креативті ойлары ортаға салынып, тіліміздің мәртебесі келешекте нық сеніммен асқақтайтыныны туралы айтылды. Мектебіміздің директоры Дюсенова А.Ж жүрекжарды құттықтау тілегі мен дөңгелек үстел қонағы - құрметті ардагер ұстаз, ақын, мұқағалитанушы Тұрсағатов Оразқан ағаның жастарға арнаған тағылымды естелік әңгімесі аса зор қызығушылықпен оқушыларымыздың жүрегінен орын алып, елжандылық, ұлттық құндылығымыздың артуына өз әсерін қалдырды. Мектеп бітіргелі отырған түлектердің жарқын болашаққа, кемел келешекке деген ой-армандарына жету жолындағы басты қадамы өз ана тілінде екендігі олардың айтқан пікірлері мен жүректерінен шықан жырларынан ұшқындап, Отанына, еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін жеткізе білді.