№72 мектеп-лицейінде 07.09.2024ж Отбасы күніне орай Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен "Әкем, анам және мен" атты отбасылық спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа 9 команда қатысты. Соның ішінде 1 орынды - 6IT сыныбы "Nomad" командасы, 2-ші орынды 6В сыныбы "Барыс" командасы, 3-ші орынды 6Ж сыныбы "Форсаж" командасы иеленді. Жарысқа қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.