Бүгін: 16.11.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!


№72 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 2-ші аптасында оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау мақсатында 1-7 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы, дәрумендерге бай тағамдардың маңызы, жеміс-жидектер мен көкөністерді күнделікті тұтынудың қажеттілігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, зиянды тағамдарды шектеп, пайдалы әрі құнарлы тағамдарды таңдаудың маңыздылығы айтылды.
Оқушылар дұрыс тамақтану ережелерімен танысып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі, жарқын болашақтың кепілі!
#ДұрысТамақтану
#СалауаттыӨмірСалты
#ДенсаулықКепілі
#АдалАзамат

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы