2022-2023 оқу жылында оқушы, ата-ана, мұғалім үштік одағының жұмыс жасауын дамыту мақсатында «Белсенді ата-аналар мектебі» жобасы іске асырылды.
«Белсенді ата-аналар» жобасының мақсаты: Ата – аналар мен қоғам өкілдерінің білім беру процесіне қатысуын арттыру арқылы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіндегі белсенділігін дамыту. Ата – аналармен және жергілікті қоғамдастықпен жұмыс істеудегі басты міндетіміз-ата-ананың жаңа түрін, атап айтқанда, әлеуметтік белсенді ата-ананы, көшбасшы ата-ананы қалыптастыру. Осындай белсенді ата-аналардан құралған «Қамқоршылық кеңес», «Әкелер» кеңесі мүшелері мектеп жұмысының ұйымдастырылуына, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, асхана жұмысы, бракеражды комиссия құрамында және мектептің мәдени іс-шараларын ұйымдастыруда белсенді жұмыс атқарды. Оқу жылының барысында «Әкелер» кеңесі оқушылар арасында және әкелер арасында бірнеше спорттық ойындар ұйымдастырып, оқушыларға әртүрлі тақырыпта кездесулер, акциялар өткізді.
https://www.instagram.com/reel/CmRrxGUs6P3/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Cl-hai3o19c/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Cls9SsILfVS/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Ckvld6KsQkM/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/CsVNKoOIcww/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==