Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

№72 мектеп-лицейі 2021-2022 оқу жылынан бастап Қазақстандық  "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" атты пилоттық жобамен жұмыс жасап келеді. Бұл жоба оқушылардың денсаулығын шыңдауға арналғандықтан осы уақыт аралығында біраз жұмыстар жасап үлгердік. Денсаулықты нығайтуға байланысты мамандардан нұсқаулықтар алдық, соның негізінде іс-шаралар жсопарын жасап, мектептегі жағдайды бағалап, бақылап отырдық. Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жылдан жылға артып отыруына байланысты оқушыларға арналған емдік дене шынықтыру кабинеттері жабдықталды, тактильді белгілер орнатылды.

2022-2023 оқу жылында спорттық құрал жабдықтар сатып алынып, жаңа  спорттық секциялар ашылды. Ол спортпен шұғылданатын оқушылар санының артуына ықпал етті. Жоғары сынып оқушыларымен спортпен шұғылданып қана қоймай, салауатты өмір салты мәдениетіне, дұрыс тамақтануға және басқа да аспектілерге баули отырып, түрлі жаттығулар өткізеді.

Қыркүйек айында 9-11 сынып оқушылармен футбол жарысы ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/CjzT-WoI0AY/?utm_source=ig_web_copy_link

5 сынып оқушыларымен  спорттық эстафета өткізілді. https://www.instagram.com/reel/Ck6JEV4L8lJ/?utm_source=ig_web_copy_link

       2022 жылдың 9 қарашасында №72 мектеп-лицейінде «Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының әрбір азаматқа арналған бағдарламасы аясында Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен алдын алу бойынша дәрістер оқылды. №72 мектеп-лицейінің оқушыларына жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары презентация жасады, онда профилактикалық шараларға ерекше назар аударылды. Қорғаныс маскасын қолдану, қолды жиі жуу немесе қолды дезинфекциялау; үй-жайларды жиі желдету, ылғалды тазалау; әлеуметтік қашықтықты сақтау тб.

https://www.instagram.com/p/Ckvld6KsQkM/?utm_source=ig_web_copy_link

      09.11.2022ж №72 лицей-мектебінде Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы психикалық денсаулықтың алдын алу, оның ішінде, алкогольдің, темекінің және басқа да белсенді заттардың (психоактивті заттардың) ағзаға зиянды әсері туралы лекция жүргізді. Дәрісте оқушыларға денсаулықтың қарапайым ережелері, психикалық денсаулықты сақтау туралы ақпарат, темекі шегудің, электронды темекінің зияны туралы түсіндірді.

https://www.instagram.com/p/CkvlVOiMSEQ/?utm_source=ig_web_copy_link

2023 жылдың 27 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл республикалық конференцияда мектебіміздің 11 сынып оқушылары Таржанов Николай мен Жайлашев Батырхан "Төбелес пен бұзақылық және буллинг" тақырыбында баяндама жасады.Оқушылардың баяндамасы мен деңгейін ұйымдастырушылар жоғары бағалады.

https://www.instagram.com/p/CpLE_EhLKCm/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы