2022-2023 оқу жылының Әдістемелік нұсқау хатында берілген жобалардың бірі - «Медиация» жобасы. Медиация-бұл дауларды шешу әдісі, оның негізінде жеке тұлғаны құрметтеу, ерікті қатысу және ерік білдіру, даудың барлық тараптарына тең құқықтар берілген жағдайда тараптардың мүдделерін қорғау және қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделген шешімдерді әзірлеу және қабылдау еркіндігі жатыр. Осы жобаны жүзеге асыруда мектепішілік бұйрық бекітіліп, құрамы құрылып, жоспар әзірленді.
2023 жылдың 16-18 қаңтар аралығында «Астана дарыны» ДДЖПСО ұйымдастырумен №72 мектеп-лицейінің педагогтары, әлеуметтік педагог, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі менеджерлері мектеп медиациясы курсынан өтіп, сертификатталды.
Жобаның мақсаты: педагогтар мен балаларды медиативтік тәсіл арқылы жанжалды жағдайларды шеше білуге үйрету.
Жанжалды жағдайларды азайту мақсатында №72 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 26 желтоқсанынан бастап медиация қызметі ашылды, оның құрамына 6 оқушы, психолог, әлеуметтік педагог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер кіреді.
Медиация қызметіне бітімгершілік бағдарламаларды жинау және өткізу үшін кабинет берілді. Төрттен бір рет әкімшілік пен медиация қызметі арасында қызметтің жұмысын жақсарту және оның педагогтармен өзара іс-қимылы бойынша бітімгершілік кездесулерге көбірек қатысуға мүмкіндік беру мақсатында кеңестер өткізіледі.