2020-2021 оқу жылынан бастап республика көлемінде жүзеге асқан «Ұшқыр ой алаңы» жобасы біздің мектебімізде де өз жұмысын жалғастырды. Биылғы оқу жылының Әдістемелік нұсқау хатында да бұл жоба жалғасын табатындығы жазылған болатын. Пікірталас-бұл даулы мәселелер талқыланатын интеллектуалды ойын. Әр тарап сұхбаттасушының пікірін жоққа шығарып, өз ұстанымын қорғау үшін тезистерді табады және міндетті түрде мақсатқа жетуді талап етеді.
Бұл жобаның мақсаты: оқушылардың коммуникативті-бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру.
Міндеттері: оқушыларды азаматтық қоғамның нормалары мен құндылықтарымен таныстыру, құқықтық базаны білу және өз білімін қолдана білу негізінде өз мүдделерін қорғай білу қабілетін қалыптастыру. Танымдық психикалық процестерді дамыту (есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиял, сезім), логикалық үйлесімді сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зерттеу жұмысының дағдыларын кеңейту. Саяси және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қарама-қарсы пікірге төзімділік пен құрметке тәрбиелеу белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Осы міндеттер алдыға қойылып, жыл бойы әртүрлі пікірталас ойындары өтілді.