2022-2023 оқу жылының Әдістемелік нұсқау хатына сәйкес №72 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Кез келген адам рухани бай, өнерлі, білімді болуға құқылы. Бұл жобаның мақсаты: ұлттық зияткерлік құндылықтарды қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру, оқушылардың тілдік қорын арттыру, рухани байыту, кітаптан үйренген тәлім-тәрбиені өмірде қолдану, Қазақстанның көркем әдебиетін насихаттау, өз бетінше оқу дағдысын дамыту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру болды. Осы мақсатта мектебімізде әр аптаның жұма күндері сынып сағатының бір бөлігін кітап оқуға арнадық. Сонымен қатар ай сайын жоба барысында әртүрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.