Бүгін 03.04.2025ж "Астана Медицина" Университетінің № 3 отбасылық медицина кафедрасының ассистенттері 11-сынып түлектері арасында №72 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында "Астана медицина университеті" КЕАҚ-ға түсу мәселелері, атап айтқанда: биылғы жылдың талапкерлері үшін қандай жаңалықтар бар: гранттық оқуға өту балдары, медицина, Стоматология, Фармацептика мектебінде оқу мерзімдері және т. б. ақпарат берді. Сондай-ақ негізгі жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша практикалық шеберлік сыныбы өткізілді, онда әрбір адам жүрек тоқтаған кезде алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетуді үйрене алды. Дәріс соңында жүлделі орындармен дипломдармен интерактивті викторина өткізілді.