Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№72 мектеп-лицей" МКК педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
1.Математика пәнінің мұғалімі - 2 бірлік (1 мемлекеттік тілде, 1 орыс тілінде).
- Бастауыш сынып мұғалімі - 7 бірлік ( 2 мемлекеттік тілде, 5 орыс тілінде).
- География пәні мұғалімі - 1 - (орыс және қазақ тілінде оқыту)
- Физика пәні мұғалімі - 2 - (орыс және қазақ тілінде оқыту)
- АӘД пәні мұғалімі – 1 – (орыс және қазақ тілінде оқыту)
- Педагог – психолог – 2 - (орыс және қазақ тілінде оқыту)
- Педагог – организатор - 2 - (орыс және қазақ тілінде оқыту)
Құжаттарды қабылдау: Нұр-Сұлтан қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 25, №72 мектеп-лицей, 200 кабинет;байланыс телефоны 87172313138
- - Конкурс 2022 жылғы 15 тамыз - 23 тамыз аралығында өткізіледі;
Жұмыс кестесі: 09:00-18:00
Педагогтерді тағайындау заңына сәйкес 107 тармағы бойынша.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
- Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
- Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Біліктілік талаптары:
- Өз пәні бойынша жақсы білім.
- Жоғары педагогикалық білім.
- Әртүрлі сертификаттардың болуы, өзінің қызмет сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, өзіне және балаларға арналған семинарларға, олимпиадаларға және жарыстарға қатысуға дайындығы.
- Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.
- Жұмыс түрі – толық.