Дюсенова Айман Жұмағалиқызы Астана қаласы әкімдігінің "№72 мектеп – лицей» ШЖҚ МКК директоры. Петропавл педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәні факультетін бітірген. Еңбек өтілі 33 жыл. Дюсенова Айман Жұмағалиқызы жоғары кәсіпқойлықты, өзін-өзі тануға деген ұмтылысты, креативтілікті, толеранттылықты сипаттайтын заманауи басшы. Айман Жұмағалиқызы білім беру мекемесінің ішкі мүмкіндіктерін сауатты талдайды және туындайтын проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табады. Ұжымды тиімді басқару әдістерін, қызметкерлерді ынталандырудың әртүрлі модельдері мен әдістерін меңгерген. Ұжымда қолайлы моральдық – психологиялық ахуалды қалыптастырады және қолдайды. Өз тәжірибесін әріптестеріне береді, мектептер мен қалалардың мұғалімдеріне сабақ өткізеді, республикалық және халықаралық семинарларда, конференцияларда сөз сөйлейді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, көп жылғы адал еңбегі үшін Айман Жұмағалиқызы Ы Алтынсарин және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.