2023 жылдың 26 қаңтарында №72 мектеп-лицейінде 7, 8, 9, 10 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына педагогика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры Тесленко А.Н. шақырылды. Ата-аналар жиналысы аясында балалар арасындағы суицид, қорлау, кибербуллинг тақырыптары қозғалды.
2023 жылдың 21-22 қаңтар күндері Астана қаласы Білім басқармасы мен М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының қолдауымен №18 ОМ, №72 МЛ, №93МЛ «Күшіміз бірлікте» атты қалалық әкелер арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.
№72 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 23 қаңтарында 7 және 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын ХVIII ғасыр мен XIX ғасыр басын қамтыды.
19.01.2023 ж №72 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымымен бірге қоса 9 сынып оқушылары «ҚАР ДЕСАНТЫ» АКЦИЯСЫНА қатысты. Акцияның мақсаты: патриоттық және адамгершілік тәрбие, жастардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп парламентті насихаттау.
17.01.2023ж мектебімізде «Зайырлылық негіздері» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi.
2023 жылдың 14 қаңтарында №72 мектеп-лицейінде 9, 11 сынып түлектері мен ата-аналарына «Кәсіптік бағдар күні» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. ЕҰУ, ЕАГИ, АМУ, Гуманитарлық колледж және ЕАГИ колледжінің оқу орындары өкілдері педагогикалық мамандықтарға қабылдауды ынталандыру мақсатын басшылыққа алды.