1 сыныпқа қабылдау бойынша Маржан Жамбуловна брифинг өткізді.
31 қаңтар күні Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Жас таланттар» атты оқырмандар байқауы өтті.
Бүгін 17.01.2023ж Қазақстанның мемлекет қайраткері Д. А. Қонаевтың туған күніне арналған пікірсайыстар өтті Пікірсайыс резолюциясы «Бұл палата жеке тұлға қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады деп есептейді». Пікірсайыс турниріне 3 команда қатысты.
Қаңтар айында мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымы «Алло, мама - я тебя люблю!» жобасы аясында акция өткізді. Бұл жоба ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты құруға, «бала-ата-ана» қарым-қатынасын орнатуға көмектесуге арналған. Акция балалар мен олардың ата-аналары арасындағы өзекті мәселелерді шешуге және біріктіруге көмектесті. Келіссөздер жүргізуді және басқаларға адал болуды үйретті.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында қаңтар айының 27-ші жұлдызында №72 мектеп-лицейінде Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылының тумасы, танымал талантты жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаевамен «Тұлғамен кездесу» сыр сұхбаты өтті.